Сүйікті мысықтарының өлімі туралы иелері марқұмның Твиттердегі ресми парақшасында хабарлады. Grumpy Cat әлемдегі ең танымал мысықтардың бірі. Grumpy Cat жеті жасқа келіп қайтыс болды.
Mem-мысық Grumpy Cat желіде 2012 жылы танымал болды. Ерекше тұнжыр көзді жануардың суреттері Reddit-те пайда болып, желі пайдаланушылардың жүрегін жаулап алды. Нәтижесінде мысық Facebook-те 8 миллионнан астам оқырман мен Instagram-да 2,4 миллионнан астам оқырман жинады. Мысық иелері өздерінің үй жануарлары бүкіл әлемдегі миллиондаған адамдардың көңіл-күйін көтеріп, еріксіз күлімсірететкенін тебірене еске алады.
Grumpy Cat несеп шығару жолдарының инфекциясымен ауырып, оңала алмаған күйі көз жұмды.