Борттағы тағамы ең дәмді шетелдік әуеомпаниялар рейтингісінде бірінші орынды Өзбекстан ұлттық әуекомпаниясы алды.
"Туту ру" ұшу кезінде ең дәмді тағам ұсынатын әуекомпаниялардың рейтингін жасады. 2018 жылдың сәуір айынан бастап 2019 жылдың сәуір айына дейінгі 27 500 жолаушылардың қалдырған пікірін талдай отырып, рейтингтің сөзсіз көшбасшысы - "Узбекистон хаво йуллари" ұлттық әуеакомпаниясы болды.
Жолаушылар әуекомпания борттағы тамақтануға жауапты қарайтынын
айтады. Тағамдары дәмді және тойымды.
Сонымен қатар жолаушыға бортта алты
сағаттық ұшу кезінде негізгі тамақтануға
қосымша жеңіл таңғы ас ұсынылады.
Баспасөз
қызметінде тағам дайындау кезінде
маршруттың бағыты, жолаушылардың қалауы
және олардың қандай да бір ас мәзіріне
бейімділігі ескерілетіні айтылды. Ұшу
кезінде жолаушыларға ыстық және суық
тағамдар, түрлі дәмдер, түрлі сусындар,
соның ішінде фирмалық брендтің ішімдігі,
жемістер, гарнирлер және көкөністердің
молдығы, сондай – ақ, шығыс колориті
мен мұндалап тұратын фирмалық самса
және кептірілген жемістер - киш-миш,
өрік, жаңғақтар ұсынылады.
Қарапайым
борттық тамақтанумен қатар жолаушылар
жасы мен діни нанымдарына орай
(вегетариандық, кошерлік, балалар тағамы
және т.б.), арнайы тамақтануға тегін
тапсырыс бере алады.