Желіде Ақтау полицейлерінің түйелерді қуған видеосы пайда болды.
Полицейлер егер түйелердің жол бойында жүргені қайталанса, иесіне 68 мың теңге көлемінде айыппұл төлеуге тура келетінін айтады. Себебі жолды жапқан жануарлар жол қозғалысына кедергі келтіре отырып, ЖКО орын алуына себепкер болуы мүмкін.