Шымкентте ресми түрде мото-маусым 2019 ашылды

29 сәуір, 15:24

Осы демалыс күндері Шымкентте 2019 жылдың мото-маусымы ашылды. Үшінші мегаполис мотоциклшілері маусымды республиканың басқа қалаларынан ерте бастайды. Өйткені біздің қалаға көктем ерте келеді.

Мотоциклшілер балалар үйіне сыйлықтарын алып келді. Ұйымдастырушылар мотосезон ашылғанда балалар үйіне баруды дәстүрге айналдырған. Бұл күні кішкентайларға аниматорлар да келеді.


Шараға өзге қалалар мен шет елдерден қонақтар келді, Жалаулар, шлемдер және стильді қорғаныш костюмдері... Әсерлі көрініс! Мото-маусым көлік иелеріне жолда абай болуға шақыратын алғашқы белгі. Көктем келді. Енді мотоциклшілер автожолдарда көліктермен бірдей жүре бастайды. Жүргізушілер айнаға қарап қоюды ұмытпаса болды.

Сауда орталығының алдына тұрақтаған мотоциклдер тұрғындардың қызығушылығын өзіне аударды. Мото-маусымның ашылуымен құттықтай келген көрермендерді музыкалық нөмірлер мен түрлі сайыстар күтіп тұрды.