Түркістандық дәрігерлер донор болды

06 наурыз, 16:00

​Игі іске қатысқан медицина қызметкерлері үшін донор болу жыл сайынғы үрдіске айналған. Қан тапсырған 93 дәрігердің 27-сі тұрақты донор. Адам өмірін сақтайтын ақ халаттылар халықты донор болуға шақырады.

– Қан банкін жасап қойғанымыз түрлі келеңсіздіктердің алдын алады. Қан тапсырған қайырымдылық қана емес, дені сау адам үшін пайдалы да. Біздің ұйымның арасында үнемі қан тапсырып тұратын тұрақты донорлар жетерлік, – дейді Түркістан облысы, Бәйдібек ауданының орталық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Бексұлтан Рысбеков.

Науқасты емдеп, аяққа тұрғызып қана қоймай, қайырымдылық ісімен де үлгі-өнеге көрсетіп жүрген ақ халаттылардың бұл шарасына ауыл тұрғындары да қосылып жатыр.
Бұл сауапты іс қана емес, қан тапсыруға ниет еткен адамның денсаулығын тексертуіне де тиімді болып тұр. Өйткені қан тапсырмас бұрын дәрігерлер талапкерден алдымен тегін сынама алады. Ағзадағы қанттың нормасы, холестериннің деңгейі, тағы басқа деректер сол мезетте анықталады.

Дүниежүзі­лік денсаулық сақ­тау ұйымының мә­ліметінше, қан тап­сыруды әдетке ай­налдырған адам қан тапсырмайтындардан орташа есеппен 5 жыл артық өмір сүреді.