"Шымкент - адал алаңы" жобасы аясында 15 мамырда Шымкент қаласының полиция департаментінде шыны қабырғалы тергеу кабинеттері ашылды.
Ашылу салтанатына ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бастығы Әли Көмекбаев қатысты. Бұл кабинеттер "азаматтардың мүддесі үшін қылмыстық процесті оңтайландыру" жобасын іске асыру мақсатында ашылған.
Тергеушінің кабинеті
бейнебақылау камерасымен жабдықталған.
Бұл камера тәулік бойы барлық тергеу
процестерін түсіреді. Ұсталғандардың
туыстары жауап алудың қалай өтетінін
көре алады.
Жаңа кабинет полиция
жұмысының ашықтығын қамтамасыз етеді,
тергеу кезінде зорлық-зомбылық пен
заңсыз тәсілдерді қолдануға мүмкіндік
бермейді, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық
құқық бұзушылықтар жасау мүмкіндігін
болдырмайды.