«Тұрғылықты мекенжай бойынша дискриминацияға жол берілмейді, бұл – еңбек заңнамасының бір талабы. Азамат мекенжай бойынша дискриминацияға ұшыраса, яғни6 жұмыс беруші еңбек заңнамасында жоқ құжаттарды жұмыс іздеп келген азаматтан талап етсе, ол адам біріншіден, өз құқығын қорғау үшін сотқа жүгіне алады",-деді Үкіметтің баспасөз орталығында өткен брифингте Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаментінің директоры Бағлан Жалпошов.
Министрдің айтуынша, егер бұрыннан қызмет етіп жүрген жұмысшыдан мекенжай анықтамасы қайта сұралса, ол жергілікті еңбек инспекциясына арыз түсіре алады. Ондай инспекциялардың барлығы әкімдіктердің жанында жұмыс істейді. Осылайша тексеру жүргізілген соң жұмысшының құқығы қорғалады.
Ақпарат ретінде айтай кетейік, бұған дейін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрайымы Әсемгүл Балташева Қазақстанда 1 қарашадан бастап мекенжай анықтамасы берілмейтінін мәлімдеген болатын.