1 қазаннан бастап Өзбекстан шекарасы ашылады

19 қыркүйек, 16:42

2020 жылдың 1 қазанынан бастап Өзбекстанға әуе, теміржол және автомобиль бақылау-өткізу бекеттері арқылы кіруге және шығуға рұқсат етілді.
Республикалық арнайы комиссияның кезекті шешімімен әуежайларда, теміржол вокзалдары мен шекара өткізу бекеттерінде азаматтардың және көлік құралдарының жүруіне қойылатын шектеулер жеңілдетілді. Сондай-ақ 2020 жылдың 1 қазанынан бастап қолданыстағы карантиндік және санитарлық-гигиеналық талаптарды қатаң сақтай отырып, Өзбекстан Республикасына әуе, теміржол және автомобиль пункттері арқылы кетуге рұқсат етілді.
Өзбекстанға келетін азаматтарға қойылатын басты талап: 72 сағат ішінде коронавирусқа ПТР тест сынамасының теріс нәтижесі жөнінде анықтамасы болуы керек. Болмаған жағадайда шекарадағы (әуежай, теміржол т.б) Өзбекстанға өткеннен кейінгі аймақта келген азаматтың өз қаражатынан ПТР тест сынамасы немесе экспресс-тест тексерісінен өтіп, 14 күн мерзімге қонақ үйге немесе үй жағдайындағы карантинге жатқызылады.
Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды