Үйінде 10 келі марихуана сақтаған сарыағаштық тұрғын ұсталды

14 қаңтар, 14:36

Бұл оқиға Түркістан облыстық полиция департаментінің есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы мен Сарыағаш аудандық полиция басқармасы қызметкерлері бірлесіп жүргізген операция кезінде анықталып отыр, деп хабарлайды облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Elitar.kz.

Полицейлер ірі көлемдегі есірткіні өз үйінде сақтаған сарыағаштық азаматты құрықтады. Күдіктінің жертөлесінен салмағы он келіден астам есірткі тектес зат табылған. Арнайы жүргізілген сараптама нәтижесінде тәркіленген заттың марихуана екендігі дәлелденді. Ұсталған азаматтың үстінен ҚР ҚК-нің 296- бабының 4-бөлігі, яғни, "Есірткі, психотроптық заттардың, осы тектес заттарды, прекурсорлық өткізу мақсатынсыз сақтау" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір сарыағаштық азаматтың марихуананы не мақсатта сақтағанын тәртіп сақшылары анықтауда. Сотқа дейінгі тергеп тексеру жұмыстары жүргізілуде екен.

Айта кетейік, Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлауынша, былтыр облыс көлемінде есірткі заттарын заңсыз сақтау 20 фактісі тіркеліп, алты тонна есірткі тәркіленіп алынған.