2020 жылы 10 мыңға жуық этникалық қазақ қандас мәртебесін алды. Бұл туралы Еңбек министрілгі мәлімдеді. Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша 9,9 мың адам тарихи Отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 67,2 мың этникалық қазақ оралды. Осы жылы Қазақстанға келген қандастардың жартысынан көбі Қытайдан, 25,6% Өзбекстаннан, 8,8% Түрікменстаннан, 3,5% Моңғолиядан және 3% басқа елдерден. Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы және Маңғыстау облыстарына, сондай-ақ Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларына қоныстанды.