​Денис Теннің өліміне қатысты істе айыпталғандардың апелляциясы 13 наурыз күні қаралады

01 наурыз, 16:03

Бұл туралы Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

«Алматы қалалық сотының қылмыстық істер бойынша сот алқасы А.Құдайбергенов, Н.Қиясов, Ж.Толыбаеваға қатысты қылмыстық іс процесіне қатысушылардың мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі соттың 2019 жылғы 17 қаңтардағы үкіміне апелляциялық шағымы бойынша қарау мерзімін бекітті.

Сот отырысы өтетін мерзім – 13 наурыз күнгі сағат 15:00» делінген хабарламада.