Наурыз айында қазақстандықтар Халықаралық әйелдер күні (8 наурыз) және Наурыз мейрамын (21-23 наурыз) атап өтеді.
Қазақстан заңдары бойынша, егер мереке күніне демалыс күндеріне тұспа-тұс келсе, демек келесі жұмыс күндері қазақстандықтар үшін демалыс болады.
Наурыз айындағы ең ұзақ демалыс күндері 8-10 наурызда болады (жұма, жексенбі). Ал 21-25 наурыз аралығында (бейсенбіден дүйсенбіні қоса алғанда) Наурыз мейрамында қазақстандықтар бірден бес күн демалады. Нәтижесінде наурыз айында Қазақстан азаматтары шамамен жарты ай, яғни, 14 күн демалады.