Алматыда 14 жастағы жасөспірім теракт жасайтынын хабарлады
Алматыда 14 жастағы жасөспірім теракт жасайтынын хабарлады
08 сәуір, 16:15
Өз хабарламасында жасөспірім 8 сәуірде Медеу ауданында орналасқан тұрғын үйлердің бірін жаруды жоспарлап отырғанын атап өткен. Тәртіп сақшыларының жедел-іздестіру шараларының арқасында алғашқы сағатта-ақ мектеп оқушысының кім екені анықталды.
Ол өз әрекетін мойындап, бұзақылық ниетпен хабарлама таратқанын жеткізді.