15 сәуірде Париждегі "Париж Құдай анасының соборы" өртке оранды

16 сәуір, 12:05

Нотр-Дам де Пари деген атаумен танымал тарихи ғимараттың төбесі мен мұнарасы өрт басталған бірнеше сағаттан соң құлады. Өртті сөндіруге жүздеген өрт сөндіруші күш салған. Олар тез әрекет етіп, собордың қалған негізгі бөлігін сақтап қалды.

Өрттің неден шыққаны әзірге белгісіз.

16 сәуір күні түнде Франция ішкі істер министрлігінің мемлекеттік хатшысы Лорна Нуньес өрттің беті қайтқанын хабарлады. "Ғимарат құрылымын жойылудан аман алып қалдық. Дегенмен өрт сөндірушілер таңға дейін жұмыс істейді" деді ол.

Өрт шыққан кезден бастап шіркеу маңында жүрген Франция президенті Эммануэль Макрон шіркеуді қайта қалыпқа келтіретінін айтты. Ол ғимарат реставрациясын жүргізуге қаржы жинау үшін халықаралық кампания жүргізуге уәде етті. Президент өртті "сұмдық трагедия" деп атағанымен, "бұдан да ауыр болуы мүмкін жағдайдың алдын ала алдық" деді.

Өрттен жапа шеккендер туралы дерек жоқ.



Фото: Teleprogramma.pro