150 жүк машинасы Қазақстан-Өзбекстан шекарасынан өте алмай тұр

05 сәуір, 13:00

Түркістан облысындағы "Қазығұрт" кеден бекетінде соңғы бірнеше күннен бері 150-ге жуық жүк көлігі қазақ - өзбек шекарасының қиылысында кезекте тұр.

Жүргізушілер кезектің бір апта бұрын пайда болғанын және шекараны қашан кесіп өтетіндері белгісіз екенін айтады. Үлкен жүк көліктері арасында 10 күннен бері тұратындары да бар екен. "Қапланбекте" де сол жағдай.

Автомобиль тығынының себебі жөндеу жұмыстарының жүргізілуі деп хабарлайды Түркістан облыстық мемлекеттік кірістер департаменті. Мамандар қазіргі уақытта көлікті өткізу баяу қарқынмен жүзеге асырылып жатқанын растады, бірақ жақын арада мәселе шешіледі деп сендіруде.

Жол-жөндеу жұмыстары Өзбекстан аумағында жүргізілуде.