17 сәуір күні Қазақстанда телерадиоарналар хабар таратуын уақытша тоқтатады

16 сәуір, 14:27

2019 жылғы 17 сәуірде сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін жерсеріктік, сандық және аналогтық эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді жабумен жоспарлы-алдын алу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды Elitar.kz Қазтелерадио сайтына сілтеме жасай отырып.

"«Қазтелерадио» АҚ жерсеріктік және эфирлік желілердегі техникалық қондырғыларда қызмет жабылуына байланысты жоспарлы-алдын алу жұмыстарын тоқсан сайын жүргізеді. Бұл жұмыстар сапалы телерадиохабар таратуды қамтамасыз ету үшін қажет. Сонымен қатар, тоқсандық жоспарлы-алдын алу жұмыстары қызметті ұзақ уақытқа өшіруге мүмкіндік береді, әрі осы мерзім ішінде техникалық қондырғыларды жетілдіру бойынша қосымша жұмыстар жүргізіледі.

Уақытша қолайсыздық туғызғанымыз үшін кешірім сұраймыз.",-делінген хабарламада.