Жаңаөзен қалалық соты баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, әйелдің өзі 2002 жылы марқұмдар қатарына қосылғанын 2016 жылы білген. Енді сот әйелдің өтініші бойынша азаматтық іс қозғап отыр, деп хабарлайды lada.kz-ке сілтеме жасай отырып Elitar.kz.
«Сотта Маңғыстау облысы Ақтау қалалық АХАТ бөлімінің 2002 жылғы 16 шілдедегі №782 жазбасына сәйкес, азаматша У. марқұм саналады. Сот отырысында ол өлім туралы куәлігі бар екенін 2016 жылы білгенін айтты. Содан кейін әйел бұзылған құқын қалпына келтіру үшін түрлі инстанцияларға жүгінген, бірақ нәтиже жоқ», - делінген соттың баспасөз қызметі таратқан мәліметте.
Сот іс материалдарын қарап шығып, өтінішті қанағаттандыру туралы шешім қабылдап, Ақтау прокурорының атына 2002 жылғы 16 шілдеде қайтыс болған адамның тұлғасын анықтау үшін жеке қаулы шығарды.