Бұл туралы Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің мәліметіне сілтеме жасай отырып Elitar.kz хабарлайды.
Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 6 тамыз күні Семейдегі Әуезов полиция бөліміне 54 жастағы ер адам арыз түсірген.
«Шілденің басында семейлік әйел 54 жастағы ер адамнан қызын медициналық университетке тегін оқуға түсіретінін айтып, 2 млн теңге алдап алады. Жедел іздестіру жұмыстарының нәтижесінде 38 жастағы әйел ұсталды», - делінген департаменттің дерегінде.
Күдіктінің үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 190 бабының 1 тармағы бойынша сотқа дейінгі тегеу жүріп жатыр.