Алматылықтарға төтенше жағдай туралы жедел хабарлаудың тегін мобильді қосымшасы қолжетімді.
Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі берген мәліметке сәйкес, бұл жобаны қала әкімдігімен бірге Төтенше жағдайлар департаменті және қазақстандық компания - «I2NIK» ЖШС бюджет қаржысын жұмсамай, Smart Almaty концепциясы аясында жүзеге асыруда.
Мобильді қосымшаны Android және iOS базаларындағы құрылғылар арқылы мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде жүктеп алуға болады, қазіргі кезде оны 20 мыңнан астам тұтынушы пайдалануда.
«Darmen» қосымшасын жасау үшін Жапония және АҚШ-тың тәжірибесі зерттелді. Қосымша бірнеше секунд ішінде ғана халықты ТЖ-дың қаупі және болуы мүмкін зардаптары (соның ішінде дауылдар туралы ескертулер) жөнінде хабардар етеді.
"Алматыға жақын орналасқан сейсмодатчиктер арқылы бірегей функционал автоматты режимде жердің сілкінуі туралы push-ескерту жібере алады. Мобильді қосымша қолдану тәжірибесінен өтті және бұрынғы SMS-хабарламалармен салыстырғанда ескертулерді жедел жіберетінін көрсетті.
Darmen қосымшасын сілтемесіне кіру арқылы жүктеп алуға болады" делінген әкімдік берген хабарламада.