"Азаматтарға арналған үкімет" мемкорпорациясының статистикалық дерегі бойынша, өткен жылы 500 мыңға жуық қазақстандық халыққа қызмет көрсету орталықтарына бармай-ақ egov.kz порталы арқылы мекенжай тіркеуінен өткен. Өткен жылдағы статистикалық көрсеткіш бойынша Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы 1,5 млн адам, онлайн түрде 479 мың адам тіркеу рәсімін жүзеге асырған. Ағымдағы жылдың қаңтар айындағы көрсеткіш бойынша онлайн түрде мекенжей тіркеуіне тұрушылар саны біршама өскен. Бұл қызметті алу үшін 184 мың адам орталыққа жүгінсе, 63 мың азамат ешқайда бармай-ақ онлайн түрде жүзеге асырған.