2 мың қазақстандыққа 42500 теңге төленбейтін болды

06 сәуір, 13:37

400 мыңнан астам өтініш түскен кезде ақпараттық жүйелер арқылы тексеру 2000-ға жуық адам қаңтар, ақпан, наурыз айларында ай сайын 500 мың теңгеден кіріс алғанын көрсетті. 16 наурызда олар табыс көзіміз жоқ, 42500 теңге алуға құқылымыз деп өтініш қалдырған. Алайда бұл дұрыс емес. Біз бәрін анықтаймыз. Мен бұл 2 мың тұрғыннан өтініш тастап, уақыттарын текке жұмсағаны үшін кешірім сұраймын. Бірақ алғашқы айда біз сіздерге 42 500 теғгені төлей алмаймыз",-деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.