2019 жылы қазақстандықтар 119 күн демалатын болды

04 желтоқсан, 14:05

Бір жылда 365 күн болса, алдағы жылы оның 119-ы демалыс күні болады, деп xабарлайды Elitar.kz.

2019 жылдың наурыз айы демалысы көп айлардың көшін бастап тұр. Яғни, көктемнің алғашқы айында 14 күн демалыс күні болып белгіленді. Ал жылдың соңы, яғни, желтоқсанда 12 демалыс күні бар. Қаңтар мен мамыр айларында қазақстандықтар 11 күннен демалса, маусым мен тамыз айларының әрқайсысында 10 күн демалыс ретінде белгіленген. Қыркүйек пен қарашада 9 күннен, ақпан мен сәуір және қазан айларының әрбірінде 8 күн демалыс күні енген.