2020 жылдан бастап өрт сөндірушілердің жалақысы артады

12 қараша, 12:25

Келер жылдан бастап Қазақстанда өрт сөндірушілердің жалақысы көтеріледі. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчиди министрлікте өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

"Төтенше жағдайлар комитеті өрт сөндірушілерін 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап жалақысы артылатындардың қатарына қосамыз. Ал ауыр жұмыс атқаратындар 65% жоғары жалақы алады. Біздің болжауымызша, олардың айлығы шамамен 140 мың теңгеге жетіп қалуы керек. Өрт сөндірушілердің айлығы патрульдік полиция қызметкерлерінің жалақысынан аса кем емес", - деді ведомство басшысының орынбасары.