Тоқаев 28 желтоқсанды жалпыұлттық аза тұту күні ретінде жариялады

27 желтоқсан, 13:15

Мемлекет басшсы Қасым-Жомарт Тоқаев 28 желтоқсанды жалпыұлттық аза тұту күні ретінде жариялады.

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылдың 28 желтоқсанын Алматы маңындағы жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауы кезінде адамдардың қаза болуына байланысты жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады", - деп жазды Facebook-те Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли.

Бүгін, 27 желтоқсанда Fokker-100 ұшағы таңертең радардан жоғалып кетті. Анықталғандай, ұшақ Алматы әуежайынан ұшып шыққаннан кейін бірден апатқа ұшырады. Ұшақ Әлмерек кентіндегі екі қабатты ғимаратқа соғылды. Ұшақ бортында 93 жолаушы және 5 экипаж мүшесі болған. 14 адам оқиға орнында қаза тауып, тағы бір адам ауруханада қайтыс болды. Қаза болғандардың қатарында Информбюро порталдың шығарушы редакторы Дана Круглова мен Қазақстан генералдар кеңесінің төрағасы Рүстем Қайдаров та болды. Ажал құшқан 8 адамның есімдері анықталды. Апат салдарынан 66 адам зардап шекті, олардың 50-і ауруханаға жатқызылды, 12-сі жан сақтау бөлімінде өте ауыр халде.

Аза тұту күнінде барлық мемлекеттік органдар мен мекемелерде Қазақстан Туы жалаусаптың ортасына дейін төмен түсіріледі.