Ауғанстандағы Кеңес әскерінің шектеулі құрамының қолдауымен үкіметтік күштердің және НАТО-ның белді мүше-елдері қолдаған моджахедтердің әскериленген құрылымдары арасындағы әскери қақтығыс 1979 жылдан 1989 жылдар аралығында – он жылға созылды.
Қазақстандықтар ауған әскери қақтысына кеңестік әскери күштер қатарында қатысты. Қазақстаннан Ауғанстанға интернационалдық борышты өтеу үшін аттандырылған әскери қызметкерлердің саны 1979-1989 жылдар аралығында 21 239 адамды құрады.
Ауғанстандағы әскери ұрыстар кезіндегі Қазақстанның құрбандары
Ауғанстанға интернационалдық борышты өтеу үшін 21 239 жауынгер аттандырылды.
1979 – 1989 жылдар аралығында:
Мерт болғандар – 947 адам;
Жарақат алғандар – 1 770 адам.
2019 жылғы мәлімет бойынша Қазақстанда 16 820 интернационалис-жауынгер өмір сүруде.
Биыл Кеңес әскерін Ауғанстан жерінен шығаруға 30 жыл толуына жетпей аты аңғызға айналған Қара-майор дүние салды. Ауған соғысының ең танымал ардагері, арнайы мақсаттағы 177-отрядтың командирі, Қазақстанның Қарулы Күштерінің күштерінің аты аңызға айналған тұлғасы, отставкадағы полковник Борис Керімбаев ұзаққа созылған науқастан кейін 12 ақпан күні көз жұмды. Ауған соғысының ардагерлері Үкіметтен Борис Керімбаевқа «Халық қаһарманы» атағын беруді сұрайды. Бүгінгі таңда марқұм офицердің есімін көшеге, мектепке беріп немесе ескерткіш қою арқылы есімін мәңгі сақтау мәселесі қарастырылуда. Әлеуметтік желі қолданушылары Қара майорға өлең арнауда.

«Міне, санаулы ғана қарапайым Қаһарманның бірі, ауған қозғалысы мен өз атағын жеке мақсатта пайдаланбаған ағамыз да арамыздан кетті... Ол өзінің жауынгері Николай Задорожныймен бірге Қазақстандағы алғашқы республикалық ауған ұйымын құрды. Ондағы мақсаты баршамызды жұдырықтаай жұмылдыру болатын. Одан нәтиже шықты да! Өкінішке қарай, біз өзіміздің бірыңғай ұйымымызды сақтай алмадық, сол үшін кешірім сұраймыз, Батя... Ордендердің, қоғамдық танымалдылықтың, депутаттық төсбелгінің соңында жүріп біз бойымызға өзіңіз сіңдірген асыл қасиетті жоғалттық, бізді кешір... Бұрынырақ Сіз қарапайым жауынгерлерді біріктіруді қаласаңыз, қазір қатардағы жауынгерлер ауған қозғалысының көптеген «көсемдерінің» басын қосуды армандап жүр, бұл үшін де бізді кеш... Бізідң кейбіріміз Сіздің аңызға айналған атыңызды пайдаланып, өз атын да көтергісі келді, кешір бізді... Сен біздің Туымыз да, арымыз да болдың, енді өзіңмен бірге тұтас дәуір кетіп барады, бірақ менің сенің атың соңғы солдат тірі кезде өшпейді деп сенемін! Жатқан жерің тыныш болып, бізді кешір... Батыр ағамыз иманды болсын, топырағы торқа, жатқан жері жайлы болсын....», - деп жазды Шәріпбай Өтегенов.
Борис Керімбаевты соңғы сапарға шығарып салу рәсімі Армия үйінде жауынгерлік салт-дәстүрмен өтті.