Ауа райының қолайсыздығына байланысты Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында 31 әуе рейсі кешіктірілуде.
Қазіргі таңда ұшып келу бағытында 16 рейс кешігіп жатыр. Олар:
- Air Astana әуе компаниясының 8 рейсі (оның ішінде Ташкенттен, Санкт-Петербургтен, Шарм-эль-Шейхтен келетін халықаралық рейстер);
- SCAT әуе компаниясының Өскемен мен Шымкенттен келетін екі рейсі;
- Qazaq Air әуе компаниясының Петропавл мен Қостанайдан келетін рейстері;
- Fly Arystan әуе компаниясының Шымкент, Алматы, Қостанай қалаларынан келетін рейстері;
- Etihad Airways әуе компаниясының
Баспасөз қызметіндегілердің мәліметінше, халықаралық әуежай штаттық режимде жұмыс істеп жатыр.