Қазақстандағы коронавирус: 369 адам індетті жұқтырды

01 сәуір, 14:07

Қызылорда облысында тағы 6 адам коронавирус инфекциясына шалдықты. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

1 сәуірдегі жағдай бойынша Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Қызылорда облыстарында коронавирус жұқтырғандар саны басым. Атап айтқанда, елордада - 184, Алматы қаласында 84 және Қызылорда өңірінде - 24.

Ал қалған өңірлерде тіркелген науқастар саны: Қарағанды облысында - 14, Атырау облысында - 16, Ақмола облысында - 16, Жамбылда - 3, Шымкентте - 3, ШҚО-да - 2, Алматы облысында - 8, Ақтөбеде - 3, СҚО-да - 3, Маңғыстау облысында - 1, Павлодар облысында - 1, БҚО-да - 2, Түркістан облысында - 5 адам.