15 қаңтар, 13:34
Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің экономикалық тергеу қызметінің мамандары 19 сауда нүктесінен 38 заңсыз ойын автоматын тәркіледі.
Ведомство өкілдерінің мәліметінше, 2019 жылдың 8 қаңтары күні сотқа дейінгі тексерудің бірыңғай тізілімінде Қарағанды және көрші қалалардағы 19 сауда орнындағы заңсыз ойын автоматтары туралы фактілер табылды.
– ҚР ҚК 307-бабының 3-тармағының 2-тармақшасы бойынша (Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру) сотқа дейінгі тексеру басталды. Заңсыз айналымнан 38 ойын автоматы тәркіленді, - деп хабарлады Қарағанды облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметі. Күдікті тұлғаларға қатысты қамауға алу бойынша бас шарасы қолға алынып, тергеу жалғасуда.
Ведомство өкілдерінің мәліметінше, 2017-2018 жылдары заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыруға қатысты 17 қылмыстық істің өндірісі аяқталып, сотқа жолданған. 19 тұлға қымлыстық жауапкершілікке тартылып, заңсыз айналымнан тәркіленген 103 ойын автоматы жойылды. 70-тен аса мауда орындары мен ғимараттардың иелеріне заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру мақсатында жалға ғимарат бермуге тыйым салынғаны туралы ұйғарым жасалды.
Бұған дейін қарағандылықтар ойын автоматтарының көптігіне шағымданған еді, ондай заңсыз автоматтар шағын дүкендер мен ірі сауда орталықтарынан кездесетін.