42 жастағы шымкенттік тұрғын танысын балғамен өлтіріп, денесін бөлшектеп тастады

05 наурыз, 14:00

​Шымкентте танысын өлтіріп, денесін үш бөлген ер адам 17 жылға сотталды, деп хабарлайды Elitar.kz тілшісі.

Қанды оқиға өткен жылдың маусым айында Шымкентте орын алған. Ер азамат ескі танысын кезіктіріп қалып, бірге спирттік ішімдік ішуге шақырады. Анасының пәтеріне ертіп келіп бірге спиртті ішімдік ішкен екі таныстың арасында ерегіс басталған. Ер азамат өзі ертіп келген қонақтың басына балғамен бірнеше рет ұрып, онымен қоймай пышақтап тастаған. Кісі өлтіріп, қолын қанға малыған ол жайбарақат ұйықтап қалады. Таңертең оянған соң мәйітті жасыру мақсатында балғамен, пышақпен денені үшке бөлшектеп, қапшықтарға салып, қоқыс контейнеріне апарып тастайды. Бір ай бойы тәртіп сақшыларынан қашып жүрген ол шілде айында өз еркімен полицияға келген.

Бұрын да сотты болған 42 жастағы сотталушыны сот 17 жылға темір торға тоғытты. Жоғарғы сот сатыларында үкім өзгеріссіз қалдырылды.