42500 тг: Әлеуметтік төлемнен салық ұсталмайды

13 сәуір, 13:40

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов 42500 теңге көлеміндегі әлеуметтік көмектен ешбір салық ұсталмайтынын мәлім етті.

«Кейбіреулер «қолға 42 500 теңге түспейді екен» дегенді айтып жүр. Толық түседі. Ешқандай салық та, зейнетақы төлемі де ұсталмайды және одан несие қарызы, коммуналдық қарыздарды ұстауға болмайды. Сізге 42 500 теңге тағайындалса, сол сома сіздің есепшотыңызға түседі. Сонымен қатар егер бір отбасында 3-4 адам төтенше жағдайға байланысты табысынан айырылса, онда олардың барлығы да 42 500 теңге әлеуметтік төлем алады",-деді министр.

Бүдан өзге ведомство басшысының айтуынша, төтенше жағдай кезінде табысынан айырылып және ол үшін әлеуметтік төлем алған тұрғын зейнеткерлікке шыққанда бұл уақыт аралығы еңбек өтілі ретінде тіркеледі.