Павлодар қаласының 57 жастағы тұрғынынан COVID-19 диагнозы сәуір айының 23-і күні анықталған. Ер адам инфекциялық стационарға жатқызылды.
29 сәуірде ер адамда тыныс алу жетіспеушілігінің өсуі тіркелді, осыған байланысты ол ИВЛ аппаратына қосылды.
Реанимациядан кейінгі кезеңде емделушіде жүрек-тыныс алу және бүйрек жеткіліксіздігі анықталды. Жүргізілген қарқынды терапияға қарамастан, пациенттің жағдайы нашарлай түсті. Реанимациялық іс-шаралар өткізілген. Емдеу ҚР ДСМ диагностикалау және емдеу хаттамасына сәйкес жүргізілді. Алайда 6 мамыр кешкі сағат 20:40-та ер кісі көз жұмды.