Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 2025 жылға дейін 58 мың отбасын баспанамен қамтамасыз етуге бюджеттен 500 млрд теңге бөлінетінін мәлімдеді.
"2025 жылға дейін
республикалық бюджеттен жалға берілетін
тұрғын үй мен тұрғын үй құрылыс жинақ
банкінің жеңілдікті займдарын беру
арқылы 58 мың отбасын (аз
қамтылған және көп балалы – Ред.) тұрғын
үймен қамтамасыз етуге 500 млрд теңге
бөлінеді ", - деп хабарлады
премьер-министр.
Меценаттар,
демеушілер және жеке тұлғалар есебінен
аз қамтылған және көп балалы отбасыларға
әлеуметтік көмек көрсетілді. 3 млрд.
теңгеге 5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды,
аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан
1,4 мың адам жұмысқа орналастырылды. Ал
268 отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілді.