17 қаңтар, 10:28
Арыс өзені маңынан ұсталған браконьер осындай айыппұл төлейді. Түркістан облыстық Полиция департаментінің қызметкерлері рейд барысында өзен бойынан автокөлік тоқтатқан.
Көлікті қарау барысында аңшы мылтығы мен оның оқтары және 30 келі шамасындағы доңыз еті тәркіленді. Автокөлік иесі жағдайды анықтау үшін полиция учаскесіне жеткізілген.
Арыс аудандық полиция басқармасының қызметкерлері ҚР ҚК 337-бабы («Заңсыз аңшылық») бойынша істі тіркеді. Браконьерлік бойынша алдын ала тергеу жүргізіліп, ұсталған азаматқа 600 мың теңгеден астам айыппұл кесілді.
Автор:
Elitar.kz