Bek Air ұшағы апатынан 7 адам қаза тапты

27 желтоқсан, 09:18

Қазіргі уақытта қаза болғандардың саны 7 адам екені белгілі болды. ҚР Премьер-министрінің тапсырмасы бойынша вице-премьер бастаған Үкіметтік комиссия құрылды. Комиссия құрамында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі және басқа да мемлекеттік органдардың өкілдері бар. Комиссия оқиға орнына ұшып шығады. Оқиғаның егжей-тегжейлі жағдайлары мен себептері анықталатын болады. Оқиға мән-жайын анықтағанға дейін осы үлгідегі ұшақтардың ұшуы уақытша тоқтатылды. Алдын ала мәліметтер бойынша, бортта 95 жолаушы, 5 экипаж мүшесі болған.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін 2019 жылдың 27 желтоқсанында "Бек Эйр" авиакомпаниясының Алматы - Нұрсұлтан бағыты бойынша №Z2100 рейсі сағат 07:22-де ұшу кезінде биіктіктен айырылып, бетон қоршауына соғылған болатын. Екі қабатты ғимаратпен соқтығысу орын алды. Дереу құтқару жұмыстары басталды, өрт болған жоқ. Жолаушыларды және әуе кемесінің экипажын эвакуациялау жүзеге асырылды.