Түркістан қалалық полиция басқармасының жергілікті полицейлері криминалды полиция қызметкерлерімен бірге қаладағы Тәуке хан даңғылындағы ғимараттардың бірінен заңсыз ойын бизнесін тапты, деп жазады Elitar.kz.
Түркістан облыстық полиция департаменті өкілдерінің мәліметінше, заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырушылардан кассалық аппараттар, компьютерлік техника мен басқа да айғақтар тәркіленді. Бұл факті ҚР ҚК-нің 307-бабы бойынша (Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру) сотқа дейінгі тергеу бірыңғай тізіліміне тіркелді. Бұл Түркістанда 2019 жылдың басынан бері тіркелген заңсыз ойын бизнесіне қатысты сегізінші оқиға. Полицейлер жүздеген компьютер және басқа да техникаларды тәркілеп алған.