9 мамыр қарсаңында шымкенттік ардагерлерге 252500 теңгеден беріледі

30 сәуір, 16:31

Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасындағылардың берген мәліметіне сәйкес, Шымкент қаласы бойынша 54 ҰОС ардагері бар.


Оларға 9 май қарсаңында 100 АЕК немесе 252500 теңгеден беріледі.

Одан бөлек, тыл ардагерлеріне 5 АЕК немесе 12625 тенгеден беріледі.

Ал, ҰОС мүгедектерінің жесірлеріне 12625 тенгеден беріледі.

Осылайша, Жеңіс күні қарсаңында ардагерлер қаржылай марапатқа ие болмақ.