Геннадий Головкиннің бұрынғы жаттықтырушысы Абель Санчес боксерді "ашкөз әрі, рахметі жоқ адам" деп атады. Головкиннің маусымда Роллспен жекпе-жекке дайындықты жалғастыратыны белгілі болды.
Санчес
шәкіртінің бұл шешіміне
ренжіп, келісім-шарттың үзілуі
туралы қатқыл пікір білдірді.
"Ашкөз және
нашар адам. Ол қазір
ғана DASH-пен 100 миллион
долларға келісім-шартқа қол қойды,
ақша жетіспегенінен осындай
шешімге келдің бе? Мұның
бәрі ақша үшін", - деді Абель
Санчес.
Ол боксшының бұл
әрекетіне таң қалғанын жасырмады.
Санчестің көңілі қалған, ол
Головкинді тәрбиелі, адал адам деп санап
келгенін айтты.