Шымкенттің экс-әкімі Ғабидолла Әбдірахымов ҚР Премьер-министрінің кеңесшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап Elitar.kz.
Ғабидолла Әбдірахымов 1975 жылы бұрынғы ОҚО, қазіргі Түркістан облысында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін бітірген. Сонымен қатар "Болашақ" бағдарламасы бойынша неміс жоғары мемлекеттік басқару мектебінде оқыған, мемлекеттік әкімшілік магистрі.