Жұмат Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театры,
7–8 және 11 желтоқсан күндері С.Ахмадтың «Келіндер көтерілісі» комедиясының премьерасына шақырады!
Қойылымның қысқаша мазмұнына тоқталсақ, шаңыраққа жаңа түкен келін өз алдына жеке тұрғысы келіп, жеті абысының арасында ене саясатына қарсы «бөлек шаңырақ құруға» насихат жүргізеді. Отбасының ұйытқысы болып отырған ененің сегіз келіннің басын – бір әулетте ұстағысы келген мақсатында, терең мән бар. Ол қандай? Тіптен, сегіз ұл мен келіннің айлық жалақысын сыпырып алатын сахнасының түбінде де үлкен ұғым жатыр. Қандай дейсіз бе? Ол үшін қойылымға келіңіз. Қысқасы, «Абысын тату болса – ас көп» дегенді жеңіл комедия тереңдете ұғындырады.
Премьера күндері:
7 Желтоқсан 16.00, 18.30
8 Желтоқсан 18.30, 16.00
11 Желтоқсан 15.00, 12.00
Анықтама үшін байланыс нөмірлері: 77-10-37, 77-10-43
8 701 687 30 34, 8 702 642 19 37