Аида Балаева ҚР Президентінің көмекшісі болып тағайындалды

22 шілде, 16:02

Қазақстан Президентінің Жарлығымен Аида Ғалымқызы Балаева Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды.


Аида Ғалымқызы Балаева Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалсын.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2019 жылғы 22 шілде № 78

Мемлекет басшысының Өкімімен Аида Ғалымқызы Балаева басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды.

Аида Балаева 1974 жылы 4 шілдеде Алматы облысы Жамбыл ауданында дүниеге келген. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін тәмамдап, орыс тілі және орыс тілі әдебиетінің мұғалімі мамандығын алған. Одан бөлек, Қазақ ұлттық аграрлық университетінен заңгер мамандығын алып шыққан. Әлеуметтану ғылымының кандидаты. «Құрмет» , «Парасат» ордендерінің иегері. Осы категория бойынша: « ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі құрылды Тимур Сүлейменов ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары болып тағайындалды »