Атырау әкімі отставкаға кетті

15 қаңтар, 10:00

Атырау қаласының әкімі Әлмұхаммед Құттымұратұлы Facebook желісіндегі парақшасында отставкаға кеткенін хабарлады.

"Бүгінгі күннен бастап Атырау әкімі қызметінен кетемін. Маған қолдау көрсеткендеріңіз үшін сіздерге рахмет айтамын. Себебі сіздерсіз көптеген оң өзгерістер жүзеге асырыла алмас еді...", — деп жазды экс-әкім.
Әлмұхаммед Құттымұратұлы Атырау қаласы басшысы қызметін 2018 жылдың 28 маусымынан бастап атқарды. Бұған дейін Атырау облысындағы Махамбет ауданы мен Жылыой ауданы әкімі қызметтерін атқарған.
Экс-әкім 1983 жылы 12 тамызда Хромтау қаласында (Ақтөбе облысы) дүниеге келген. Үйленген, төрт бала тәрбиелеп отыр.