Құрметті шымкенттіктер! Сіздерді шын жүректен Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен құттықтаймын.
Бұл мереке - Қазақстан атты киелі шаңырақта баршамыздың тату-тәтті, береке мен бірлікте өмір сүріп жатқандығының символы.
Қазақстан халқының ынтымақ пен бірлігі күні ерекше атап өтерлік мереке. Және ол - халқымыздың рухани бірлігін, мәдениеттердің алуан түрін, сондай-ақ өзара тығыз қарым-қатынасты айшықтайды.
Біз ешқашан жолдасымыздың қандай ұлт екендігін бөле жармаймыз. Оның қандай адам екені, ойы мен тәрбиесі ғана алаңдатады.
Шымкенттіктер - өте еңбекқор, шынайы және ақкөңіл. Біз барлық халықпен, ұлттармен бірлікте және өзара түсіністікте өмір сүруді білеміз. Қазақстанда ең бастысы үлкенге құрмет, өзгелерге көмектесу, достық аса құнды болып табылады.
Бұл сөзге Шымкентке бірнеше рет келген қонақтар дәлел.
1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күнінде ықыласты құттықтауымды қабыл алыңыздар. Келісім, бірлік, өркендеу тілеймін.