"Тағы да 20 минут уақытты халықтың сұрағына бөлейік" деп жауап берді Ғабидолла Әбдірахымов халықтың кездесуді аяқтау ұсынысына.
Айта кетейік, кездесу кезінде залда ер кісі алдағы сұрақтарды жазбаша түрде беруді ұсынған болатын. Халықтың жұма намазына асығып жатқанын алға тартты.
"Егер біз қазір кездесуді аяқтайтын болсақ, менің ойымша, дұрыс болмайды. Сонша адам микрофонға өз кезегін күтіп, сұрақ қоюға мүмкіндік берейік. Тым болғанда сағат түскі бірге дейін", - деді Ғабидолла Әбдірахымов. Шаһар басшысының бұл ұсынысын қатысушылар қол шапалақпен қолдады.