Шымкент қаласының әкімі шенеуніктерге тұрғындардың сұрақтарына түсінікті тілде жауап беруді тапсырды

15 сәуір, 15:40

Қалалық әкімдікте өткен отырыс барысында басқарма басшысы Куатжан Жұматаев қаланың 11 магистральдық көшелерінде жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты. Бұдан басқа, қалада 199 орам ішілік көшесінде қайта жаңғырту және жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Кездесу барысында Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов қарамағындағыларға халықпен белсенді жұмыс істеуді және азаматтардың өтініштеріне немқұрайлы қарамауды тапсырды.

"Қала тұрғындарының қарапайым сұрақтарына күрделі жауап беруді тоқтатыңыз. Кейде мен де жауаптарыңызды түсінбеймін. Қарапайым, түсінікті, анық сөздермен жазыңыз. Әлеуметтік желілерде белсенді болыңыз. Әр сұраққа нақты жауап беріңіз: иә немесе жоқ деп. Болды! Сонда басқармаларыңызға адамдар топырлап келмейтін болады. Адамдардың басқа ісі жоқ деп ойлайсыз ба? Сізден түсінікті жауап алса мұнда келіп несі бар?",- деді қала әкімі.