Бақыт Сұлтановтың жеке қабылдауында көп балалы аналар атаулы әлеуметтік көмек алу үшін қажетті тұрғылықты жері бойынша тіркелу мәселесін көтерді.
Әйелдердің айтуынша, көпбалалы отбасылардың пәтерді жалға алуы қиын. Көбіне балаларын жасыруға мәжбүр.
Ал
пәтерін жалға бергеннің өзінде отбасы
мүшелерін пәтерге тіркемейді, себебі
коммуналдық қызметтер ақысы
көбейіп кетеді.
"Егер
тұрғын үйді жалға бергісі
келсе, бәрі ресми түрде ресімделсін.
Мүмкін, бұл бағаның өсуіне әкелер,
бірақ тәртіп болады", - деп жауап берді
Бақыт Сұлтанов.
Кеңесте
әкім жалға алушыларға ықпал ету жолдарын
пысықтау үшін полиция департаментінің
өкілдерімен және басқа да мүдделі
мемлекеттік ведомстволармен кездесу
өткізуді тапсырды.
Көп балалы
аналар қала басшысына АӘК алу қиындықтарын
айтып шағымданды. Көпшілігі
критерийлерге жатпайды.
Аналардың айтуынша бұл заңнама жетілдірілмеген, себебі
шын мәнінде АӘК-ті қажет ететін отбасылар
бар.
Сонымен қатар, көп балалы отбасыларының балалары үшін жеңілдіктер: балабақшаларға тегін бару, тегін жол жүру, жазғы лагерьге жолдама беру мәселелері талқыланды. Қазір тегін жолдамалар аз қамтылған отбасыларының балаларына беріледі. Бірақ егер отбасы аз қамтылған деп есептелмесе, онда әдетте төрт баланы бірдей лагерьге жіберу мүмкіндігі жоқ.