Тараздың жаңа әкімі болып Қайрат Досаев тағайындалды. Бүгін аймақ басшысы Асқар Мырзахметов қала активіне жаңа қала басшысын таныстырды. Өз кезегінде Қайрат Досаев өзінің барлық білімі мен тәжірибесін қаланың дамуына жұмсайтынына сендірді.
Қайрат Әскербекұлы Досаев 1965 жылы туған. 1987 жылы қазақ ауыл шаруашылығы институтын "инженер-механик" мамандығы бойынша, ал 2007 жылы Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетін "экономист" мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1987 жылы Алматыдағы "Казсельхозмеханизация" ғылыми-өндірістік бірлестігінің инженері болып бастаған.
1994-1996 жылдары "Алтын диірмен"
АҚ инженері және "Дешт"ЖШС директоры
болды. Одан кейін Алматы қаласы төтенше
жағдайлар басқармасы бөлім директорының
орынбасары болып тағайындалды. Сондай-ақ
Алматы қаласы Бостандық ауданының
төтенше жағдайлар бөлімінің сектор
меңгерушісі, директорының орынбасары
болды.
1998 жылы ҚР төтенше жағдайлар
агенттігі төрағасының көмекшісі болып
тағайындалды. 2001-2007 жылдары Алматы
облысы әкімінің көмекшісі, Талдықорған
қаласы әкімінің орынбасары, Алматы
облысы Қаратал ауданының әкімі, Алматы
облысы табиғи монополияларды реттеу
және қорғау және тарифтер басқармасының
бастығы, Төтенше жағдайлар министрінің
кеңесшісі болды.
2007-2014 жылдары
"Мекен" ЖШС директоры, "2011 жылғы
VII Қысқы Азия ойындарын ұйымдастыру
комитетінің атқарушы дирекциясы" АҚ
вице-президенті, департамент директоры,
"Қазспортинвест"АҚ вице-президенті
болды. 2014 жылы Қордай ауданының әкімі
болып тағайындалды. 2017 жылдың наурыз
айынан Жамбыл облысы Шу ауданының әкімі.