Алатау ауданының экс-әкімі сот санкциясымен екі айға қамауға алынды

20 қаңтар, 13:23

Алатау ауданының бұрынғы әкімі Шахмерден Рыспаев және оның бұрынғы орынбасары Саят Ағыбаев сот санкциясымен екі айға қамауға алынды. Бұл туралы Алматы қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап Elitar.kz.

«Сотқа дейінгі тергеу органы санкция беру үшін тергеу сотына жүгінді. Тергеу сотының қаулысымен күдікті Рыспаевқа қатысты екі ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды. Алатау әкімінің орынбасары Саят Ағымаев та осы мерзімге қамалды" делінген баспасөз хабарламасында.

Еске салсақ, 18 қаңтарда Алматы қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі жемқорлық қылмыс жасады деген күдікпен Алматы қаласына қараты Алатау ауданының бұрынғы әкімі және аудан әкімінің орынбасары, сондай-ақ осы ауданның мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысын ұстады. Олар 2019 жылы «Өңірлерді 2020 жылға дейін дамыту» мемлекеттік бағдарламасы бойынша бөлінген бюджет қаражатын ірі мөлшерде ұрлады деген күдікке ілінді.