Қазгидрометтің болжамы бойынша 15-17 қазан күндері Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауып, салқын болады, деп хабарлайды Elitar.kz.
Болжам бойынша Батыс Сібір және Солтүстік Қазақстан аумағын басып қалған циклон полярлық және арктикалық ағындарға байланысып жатыр. Олар Қазақстан аумағы арқылы жылжып, еліміздің көптеген облыстарына жаңбыр, жылбысқы қар және суық әкеледі. Алдағы үш тәулікте ауа температурасы орташа көпжылдық шамаға жақын болады.