29 наурыз, 14:00
Полицейлердің іс-қимылы нәтижесінде ұрланып, Қытайда қамауда отырған бизнесмен Отанына оралды. Бұл туралы ҚР ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлімдеді. Қылмысты ашуға бір тәуліктен аз уақыт кеткен.
«Қылмыскерлер адамның өмірі мен босатуы үшін жәбірленушінің жұбайынан 400 мың юань (22 миллион теңгеден астам) талап еткен. Қылмысқа қатыстылардың барлығы ұсталып, қамауға алынған», - деп мәлімдеді ҚР ІІМ ресми өкілі.
«Қазақстан Үкіметіне, ішкі істер министріне, Алматының полицейлеріне жұбайымның көмек сұраған өтінішіне тез арада құлақ асып, мені тез арада құтқарғандарына үлкен рахмет айтамын», - деді кәсіпкер.
ІІМ қызметкерлерінің шұғыл қызметіне алғыс айтуға Қытай Халық Республикасының елшісі Чжан Сяо да келді.
«Іс бір тәуліктің ішінде, тез арада ашылды. Мен осы қылмысты ашуға жұмылдырылғандардың барлығына жеке өзімнің алғысымды айтқым келеді», - деді Чжан Сяо.