Интернетте Алматы қаласындағы Бауыржан Момышұлы атындағы "Жас ұлан" Республикалық әскери мектебі түлектеріне ұқсайтын бітірушілердің бітіру кешінде түскен видеосы пайда болды.
Бітірушілердің желіге жарияланған бейне роликтері жұрттың жағасын ұстатты. Қараңғыланған терезелерді төмен түсірген парадтық әскери формадағы жастар люктардан бастарын шығарып алған. Мектеп бітірушілер кешті жоғары деңгейде атап өтпек болған сыңайлы.
Олар бір-біріне қуана
айқайлап, суретке түсіп, бір-бірін
телефон камераларына түсіріп жатыр.
Олар жол қозғалысына айтарлықтай кедергі
келтірді. Жүргізуші өте баяу жылдамдықта
жүріп, себепсіз сигнал басуда.
Қымбат
автокөліктердің кортежі жұртты
таңқалдырды. Бірнеше ондаған млн теңге
тұратын қымбат автокөліктерге мектепті
енді тәмәмдаған лейтенанттар ақшаны
қайдан тапқан?